Коммунальное государственное учреждение "Интернациональная средняя школа"
Официальный интернет-ресурс

іс-шаралар

Оқу жылының басынан бастап 1-10 сыныптарда келесі іс-шаралар өткізілді: 15 қыркүйекте 1-10 сынып оқушылары арасында "Еңбек күніне" арналған "Кәсіптер әлемі" суреттер байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: әр адамның өмірінде еңбектің қаншалықты маңызды екенін көрсету. Суреттер арқылы балалар болашақта кім болғысы келетінін және еңбек әлемді жақсартуға қалай көмектесетінін көрсетті.

34   35

 

 

Интернационал орта мектепте кәсіптік бағдар бойынша "Айналамыздағы мамандықтар" квест-ойыны өтті. Мақсаты: оқушылардың кәсіптер әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке деген құрметті дамыту, сондай-ақ қоғам өміріндегі әртүрлі мамандықтардың рөлі туралы түсініктерін кеңейту және болашақ кәсіби қызметті саналы түрде таңдауды ынталандыру. Квест ойыны ойын станциялары, практикалық тапсырмалар және көрнекі бейнелер арқылы өтті.

      

      

 

 

Мектепте кәсіптік бағдар беру бойынша, жоспар бойынша оқушылардың кәсіптік бағдарлануын анықтау үшін түрлі тесттер, сауалнамалар, сынып сағаттары жоспарланған. 21 қарашада 7-10 сынып оқушылары арасында "Менің болашақ мамандығым" атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: мектеп оқушыларына болашақта кім болғысы келетіні туралы ойлануға көмектесу, оларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру және өз қалауы мен қабілеттері бойынша мамандықты  қалай дұрыс таңдау керектігін көрсету.

    

   

Записаться на прием